«Michelin» нұсқаулығына Измир мен Бодрум да қосылады

Измир және Бодрумда бірінші рет таңдалған мейрамханалар  9 қарашада Стамбулда өтетін арнайы рәсімде жарияланады.

2014488
«Michelin» нұсқаулығына Измир мен Бодрум да қосылады

Әлемдегі ең беделді мейрамханаларды бағалау жүйелерінің бірі «Michelin Guide» Түркиядағы тізіміне Измир мен Мугланың Бодрум аудандарын қосады.

«Michelin» командасының мәлімдемесіне қарағанда, Измир және Бодрумда бірінші рет таңдалған мейрамханалар  9 қарашада Стамбулда өтетін арнайы рәсімде жарияланады.

Мишлен нұсқаулығының халықаралық директоры Гвендал Пулленнек “Өткен жылы Стамбулға алғашқы сапарынан кейін инспекторларымыз Измир мен Бодрумды өздерінің жол картасына қосқанына өте қуанышты. Бұл екі орын ұмытылмас және қайталанбас мәдени және туристік тәжірибелер ұсынып қана қоймайды, сонымен қатар зерттеуге лайық аспаздық мәдениетке ие» деді.

Измир және төңірегінің өңірлік мәдениетті алға шығаратын көбі жас аспаздың қабілеттерін көрсете алатын мейрамханалары бар екенін білдірген Пулленнек Бодрумда да дәстүрлі және жолы ыңғайлы, қала орталығында орналасқан мейрамханалармен қоса люкс демалыс орындарындағы «жаңалықшыл» концепт ұсынатын ресторандардың да алға шыққанын атап көрсетті. «Осы екі аймақты «Michelin» нұсқаулығына қосып, Түркияның маңызды гастрономия аймағы екенін әлемге жариялаймыз» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар