1.8 миллион адам қажылыққа барды

Биыл 150 елден қажылыққа келушілер санының 1 миллион 845 мың адамға жеткенін білдірген Рабия жалпы қажылардан 184 мың 130 кісінің Сауд Арабиясы азаматы екенін айтты.

2004978
1.8 миллион адам қажылыққа барды

Сауд Арабиясы коронавирустың жаңа түрі (Ковид-19) індетінен (2020-2022) кейінгі алғашқы шектеусіз қажылық маусымында 150 елден 1.8 миллион адамның қажы болғанын хабарлады.

Қажылық және Умра министрі Тевфик ер-Рабиа тақырыпқа байланысты баспасөз мәслихатын өткізді.

Биыл 150 елден қажылыққа келушілер санының 1 миллион 845 мың адамға жеткенін білдірген Рабия жалпы қажылардан 184 мың 130 кісінің Сауд Арабиясы азаматы екенін айтты.

Сауд Арабиясының Статистикалық институты да биылғы қажылар туралы мәліметтерді жариялады.

Жазбаша мәлімдемеге қарағанда елден 184 мың 130 адам, араб елдерінен 346 мың 214 адам, Азия елдерінен 1 миллион 56 мың 317 адам, Африкадан 221 мың 863 адам, Еуропа, Америка, Австралия және басқа елдерден 36 мың 521 адам қасиетті территорияда қажылық  ғибадатын жасады.

Сауд Арабиясына қажылардың 1 миллион 593 мың 271-і шетелден әуе жолымен, 60 мың 813-і құрлық жолдарымен, 6 мың 831-і теңіз жолы арқылы келген.

Отандық және шетелдік қажылар арасында ер азаматтардың саны 969 мың 694-ке, әйелдер саны 875 мың 351 кісіге жетті.



Ұқсас жаңалықтар