Тина Тернер қайтыс болды

Джо Байден танымал әнші Тина Тернердің отбасы мен жақындарына көңіл айтты.

1990801
Тина Тернер қайтыс болды

Америкалық  әнші Тина Тернер 83 жасында қайтыс болды.

Күшті дауысы және стилімен «Рок-н-ролл ханшайымы» атанған Тернер ән жазуымен, биімен және актерлік шеберлігімен де танымал болды.

1950 жылдардың аяғында музыка әлеміне қадам басқан Тернер 2009 жылға дейін сахналық өмірін жалғастырды, көптеген марапаттарға, әсіресе Грэммиге ие болды. Оның альбомдары әлем бойынша 100 миллионнан астам данамен сатылды.

АҚШ-та туған әншінің өзі кейіннен азаматтығын алған Швейцарияның Цюрих қаласындағы үйінде ұзаққа созылған аурудың салдарынан қайтыс болғаны хабарланды.

 АҚШ президенті Джо Байден танымал әнші Тина Тернердің отбасы мен жақындарына көңіл айтты.



Ұқсас жаңалықтар