Илон Маск тағы бір жасанды жер серігін ұшырды

Интернет жер серіктерін тасымалдайтын "Falcon-9" зымыраны АҚШ-тың Флорида штатындағы Канаверал мүйісі ғарыш күштерінің станциясынан ұшырылды.

1982720
Илон Маск тағы бір жасанды жер серігін ұшырды

Кәсіпкер Илон Маскқа тиесілі "SpaceX" Ғарыштық тасымалдау компаниясы орбитаға тағы 56 "Starlink" жасанды жер серігін жіберді.

Интернет жер серігін тасымалдайтын "Falcon-9" зымыраны АҚШ-тың Флорида штатындағы Канаверал мүйісі ғарыш күштерінің станциясынан жергілікті уақыт бойынша сағат 03:31-де сәтті ұшырылды.

"Falcon-9" зымыраны қайта пайдалануға болатын бірінші кезеңдегі күшейткіші Атлант мұхитындағы "A Shortfall of Gravitas" ұшқышсыз платформасына қонатыны жарияланды.

"SpaceX" өткен аптада әлемнің әртүрлі бөліктеріндегі интернетке қосылу қиын аймақтарға кең жолақты интернет қызметін қамтамасыз ету үшін әзірленген "Starlink" жасанды жер серігінің 46-сын орбитаға жіберген болатын.



Ұқсас жаңалықтар