«Джон Кракстон-Жарықтың соңында» көрмесі Стамбулда ашылды

Ағылшын суретші Джон Кракстонның «Джон Кракстон-Жарықтың соңында» атты көрмесі Стамбулда ашылды.

1970499
«Джон Кракстон-Жарықтың соңында» көрмесі Стамбулда ашылды
ingiliz ressam craxton'ın sergisi.jpg
ingiliz ressam craxton'in sergisi.jpg
ingiliz ressam craxton'in sergisi.jpg
ingiliz ressam craxton'in sergisi.jpg

Өмірінің бір бөлігін Грекияда өткізген және түрік мәдениетінен әсер алған ағылшын суретші Джон Кракстонның туындылары «Джон Кракстон-Жарықтың соңында» атты көрмеде өнер сүйер қауымға ұсынылды.

Стамбулда ашылған көрмеге қатысты мәлімдеме жасаған көрменің кураторы Ян Коллинз Кракстонның туындыларында түрік мәдениетінің ізі бар екеніне назар аударып, Шотландиядағы Стирлинг университетінің коллекциясында көрмеге қойылған «Табиғаттың ғажайып құрылыс тастарының көрінісі» атты қабырға кілемге салынған суретіндегі өрнектердің бұған мысал болатынын білдірді.

Куратор Коллинз бұл Кракстон туралы Түркиядағы алғашқы көрме екенін тілге тиек етіп, әрі суретші туралы ашылған ең үлкен көрмелердің бірі екеніне назар аударды.

Кракстонның балалық шағының бақытты өткенін және отбасының оны еркін өсіруі өнеріне үлкен үлес қосқанын айтқан Коллинз атақты суретші туралы:

"Ол әрқашан Эгей теңізінде өмір сүруге құмар болды. Ол туберкулезбен ауырды және ауруын емдеу үшін ыстық климатта өмір сүру керек еді. Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде бұл аймаққа келе алмады. 1949 жылы Афиныға қоныстанғаннан кейін суретші тек Эгей аймағының суреттерін ғана салды. Менің ойымша, Кракстонды маңызды және теңсіз еткен ерекшелік осы болар" деді.

Келушілердің үлкен қызығушылығын тудырған көрме 23 шілдеге дейін ашық болады.



Ұқсас жаңалықтар