Жер сілкінісінде зардап шеккендер үшін концерт

Ығдыр университетінің музыкатану факультетінің жетекшілігімен ұйымдастырылған концерттерге әлем университеттері, музыканттары, танымал тұлғалаы қатысты.

1964579
Жер сілкінісінде зардап шеккендер үшін концерт

Әлемнің әртүрлі елдеріндегі университеттер мен ансамбльдер 6 ақпан күні Кахраманмарашта болған жер сілкінісіне байланысты қайғыларын бөлісті.

Ығдыр университетінің музыкатану факультетінің жетекшілігімен ұйымдастырылған концерттерге Чехия, Германия, Норвегия, Оман, Әзербайжан, Түрікменстан, Қырғызстан, Татарстан, Украина және Өзбекстан мен Қытай елдерінің университеттері, музыканттары, танымал тұлғалары және символдық есімдері қатысты.  

Шығармалар Ығдыр университетінде жиналып, бір туындыға айналдырылды және «Ынтымақтастық концерті – Slidarity Concert» деген атпен аталған елдерде баспасөзде және әлеуметтік желілерде жарияланды.

Концертке қатысқан елдер жер сілкінісі кезінде қаза болғандарға көңіл айтып, бірлік пен ынтымақ хабарламалары арқылы зілзала құрбандарына қолдау көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар