Жер сілкінісінде қаза болған жаттықтырушы жерленді

Савуттың жаназасы куәлігі нақтыланғаннан кейін Аданадан Измирге жеткізілді.

1950294
Жер сілкінісінде қаза болған жаттықтырушы жерленді

Жер сілкінісі кезінде үйінді астында қалып қаза тапқан «Хатайспорт» командасының жаттықтырушысы Танер Савут Измирде жерленді.

«Атакаш Хатайспорт» футбол командасының ганалық футболшысы Кристиан Атсу да қаза тапқан көп қабатты үйде тұратын Танер Савуттың жаназасы куәлігі нақтыланғаннан кейін Аданадан Измирге жеткізілді.

Савут үшін мешітте оқылған жаназа намазына Савуттың інісі Али Савут және туысқандары, команданың бас жаттықтырушысы Волкан Демирал, футболшылар мен достары қатысты.

Футболдағы карьерасын «Измирспорт» командасында бастаған 48 жасар Танер Савут «Фенербахче», «Гөзтепе», «Аланияспорт», «Сакарияспорт», «Сииртспорт» және «Токатспортта» ойнады.



Ұқсас жаңалықтар