Ганалық футболшы үйінді астынан шығарылды

Бапкер Танер Савут әлі үйінді астында жатыр.

1942931
Ганалық футболшы үйінді астынан шығарылды

Жер сілкінісі кезінде үйінді астында қалған Хатайспорт футбол клубының ганалық футболшысы Кристиан Атсу құтқарылды.

Хатайспорт командасының менеджері Мұстафа Өзат Кристиан Атсу мен бапкер Танер Савут туралы мәлімдеме жасады.

Өзат  «Кристиан Атсу жаралы күйде үйінді астынан шығарылды. Өкінішке орай, бапкеріміз Танер Савут әлі үйінді астында жатыр» деді.

Ганалық футболшы Хатайдың Кахраманмараш қаласында болған 7,7 балдық жер сілкінісінен кейін үйінді астында қалған еді.



Ұқсас жаңалықтар