Вьетнамда 632 метрлік әйнек көпір салынды

450 адамды көтеру күшіне ие «Ақ айдаһар» атты әйнек көпір әлемдегі ең ұзын көпір ретінде Гиннестің Рекордтар кітабына тіркелді.

1834880
Вьетнамда 632 метрлік әйнек көпір салынды

Вьетнамда салынған ұзындығы 632 метрлік әйнек көпір әлемдегі ең ұзын көпір ретінде Гиннестің Рекордтар кітабына енді.

Туристік ерекшеліктерімен танымал Вьетнамның Сон-Ла уәлаятында салынған ұзындығы 632 метрлік әйнек  көпірдің ашылу салтанаты ұйымдастырылды.

Салтанатты рәсімге Вьетнам лауазымдыларымен бірге Гиннестің Рекордтар кітабы басшылары да қатысты.

Еденінің қалыңдығы 40 миллиметр және 450 адамды көтеру күшіне ие «Ақ айдаһар» атты әйнек көпір әлемдегі ең ұзын көпір ретінде Гиннестің Рекордтар кітабына тіркелді.

Бұған дейінгі рекорд Қытайдың Гуандун уәлаятындағы ұзындығы 526 метрлік көпірге тиесілі болатын.



Ұқсас жаңалықтар