Католик дін қызметкері Исламды таңдады

Ол атын Исмаил деп өзгертті.

1709682
Католик дін қызметкері Исламды таңдады
katolik papaz musluman oldu.jpg
katolik papaz musluman oldu.jpg
katolik papaz musluman oldu.jpg

Америкалық католик дін қызметкері Проф. Др. Грек Виктор Фентер Мәулананы оқып, мұсылман болды.  Ол атын Исмаил деп өзгертті.

Америка Құрама Штаттарының Солтүстік Каролина штатында 1955 жылы дүниеге келген, Лос-Анджелесте өскен Фентер отбасының талабымен католик мектебінде оқып, дін қызметкері болды. Шамамен он жыл міндет атқарған ол ғылыми жағынан еңбектеніп, профессор атанып, университеттерде де сабақ берді.

Нанымына байланысты алған біліміне қарамастан, ішкі әлемінде бостық сезіне бастады.  Ол ізденіске түсіп, 2004 жылы АҚШ-қа барған, Әзірет Мәулананың 22-ші буын немересі Эсин Челеби Байрумен танысты. Осылайша ол Мәулана және Ислам жөнінде алғашқы мәліметтерін алды. Байрудың шақыруымен 2005 жылы Конияға келіп, Шеби Арус рәсімдерін тамашалады.

Естігендерінен, «сема» рәсімдерінен, рухани атмосферадан әсер алған Фентер 2006 жылы мұсылмандықты таңдады.

Ол Ислам және Мевлевилік бойынша сабақ алды. Мәулананы жақыннан тану және осы нанымға сай өмір сүру мақсатымен Кония қаласына көшіп келді.



Ұқсас жаңалықтар