Ломидзе: Түркияға миллиондаған орыс турист келеді

Ресейлік Тур операторлары қоғамы төрайымы Мая Ломидзе мәлімдеме жасады.

1464082
Ломидзе: Түркияға миллиондаған орыс турист келеді

Ресейлік Тур операторлары қоғамы төрайымы Мая Ломидзе Мәскеудің тамыз айында қайтадан рейстердің ұшуына рұқсат беру шешімінің артынан миллиондаған орыс туристтің Түркияға демалысқа келетінін атап көрсетті.

Говорит Москва радиосына сұхбат берген Ломидзе «Миллиондаған азамат мүмкіншілік тапқан кезде демалысқа баруға дайын. Биыл өте қиын болды. Барша тынышталып, осылайша бұынғы тіршілігін қайтадан сезінгісі келеді» деді

Ломидзе биыл демалу жоспары жасамаған орыс туристердің  Түркияға баратынына сенгенін білдірді.

Мәскеу 1 тамыз күні Анкара мен Стамбулға 10 тамыз күні Анталия, Бодрум және Даламанға рейстердің қайтадан басталатынын жариялаған еді.



Ұқсас жаңалықтар