Ердоған Мәулана жайлы жолдама жариялады

Ердоған Әзірет Мәулана Желаледдин-и Румидің дүниеден өткеніне 746 жыл толуына орай мәлімдеме жасады.

1324454
Ердоған Мәулана жайлы жолдама жариялады

Ердоған Әзірет Мәулана Желаледдин-и Румидің дүниеден өткеніне 746 жыл толуына орай мәлімдеме жасады.

Президент Режеп Тайып Ердоған Әзірет Мәулана Желаледдин-и Румидің дүниеден өткеніне 746 жыл толуына орай жолдама жариялап, әлемге танымал түрік ойшылы, ақын және сопы Әзірет Мәулананы құрметпен еске алды.    

Ердоған Әзірет Мәулананың әрбір нақыл және хикметті  сөздерінің барша адам баласына тарих бойынша жол сілтегенін білдірді.  

Ердоған Анадолы жерінде дүниеге келген, ғылымды барша әлемге таратқан, құқық пен ақиқат жолын ұстанып келген Мәулананың дүниеден озғанына 746 жыл толуына қарамастан адам баласына деген сүйіспеншілігі, шыншылдығы, ой-пікірлері және еңбектерімен миллиондаған адамды өзіне баурады.

Әзірет Мәулана Желаледдин-и Румидің Хорасаннан Бағдатқа, Мекке мен Мединеден Дамаскқа дейінгі ғылым орталығында алған білімдері мен жинаған тәжірибелерін Анадолыға әкелгенін еске салған Ердоған Мәулананың әрбір нақыл сөздерімен барша адам баласына жол көрсеткенін түсіндірді.

        

 



Ұқсас жаңалықтар