Жапония мен Эквадорда жер сілкінісі болды

Жапония мен АҚШ-тың Геологиялық қызметі мәлімдеме жасады.

2142154
Жапония мен Эквадорда жер сілкінісі болды

Жапонияның бас қаласы Токионың оңтүстігіндегі Огасавара аралдарының маңында жергілікті уақыт бойынша сағат 09.39-да магнитудасы 6 балдық жер сілкінісі болды.

Жапония Метеорологиялық агенттігінің мәлімдемесіне қарағанда эпицентрі Огасавара аралдарында болған 6 балдық жер сілкінісі 50 шақырым тереңдікте тіркелді.

Жер сілкінісінен кейін цунами туралы ескерту болған жоқ.

Эквадорда да 5,2 балдық жер сілкінісі болды.

АҚШ-тың Геологиялық қызметі эпицентрі Эль-Оро провинциясындағы Пинас қаласында болған 5,2 балдық жер сілкінісінің 88 шақырым тереңдікте болғанын хабарлады.

Жер сілкінісінен адам мен мүлік шығыны болған жоқ.



Ұқсас жаңалықтар