Тегеранда аза тұту рәсімі өтті

Велиаср алаңында өткен салтанатты шараға мыңдаған адам қатысты.

2142136
Тегеранда аза тұту рәсімі өтті

Иран Мемлекет басшысы Ибрахим Реиси мен қасындағы жоғары лауазымды тұлғалардың тікұшақ апаты нәтижесінде бас қала Тегеранда аза тұту рәсімі өтті.

Бас қаладағы Велиаср алаңында мыңдаған адам қатысқан салтанатты шарада фотосуреттері ілінген Мемлекет басшысы және қасындағыларға дұға бағышталды.

Жоқтау оқылған рәсімде кейбір азаматтардың жылап жатқаны байқалды.

Марқұм Мемлекет басшысы Реиси алдынғы күні Иран-Әзербайжан шекарасында су бөгеті ашылу рәсіміне қатысқаннан кейін делегация құрамындағы Сыртқы істер министрі Хусейн Әмір Абдуллахиян және кейбір жоғары лауазымды тұлғалармен бірге тікұшақ апатына ұшырады.

Түркия Иранның сұранысымен іздеу-құтқару жұмыстары үшін «Akıncı» пилотсыз әуе көлігін аймаққа жіберді. Пилотсыз әуе көлігі «Akıncı» анықтаған тікұшақ сынықтарының координаттары Иран әкімшілігіне жеткізілді.

Ақпаратты алған соң аймаққа барған ирандық топтар апаттан ешкімнің аман қалмағанын анықтады.



Ұқсас жаңалықтар