Лондон-Сингапур рейсі турбуленттілікке кіріп, 1 адам қаза тапты

Сингапур әуе жолдары ұшағының Суварнабхуми халықаралық әуежайына шұғыл қонғаны хабарланды.

2142453
Лондон-Сингапур рейсі турбуленттілікке кіріп, 1 адам қаза тапты

Ұлыбританияның бас қаласы Лондоннан Сингапурға бет алған Сингапур әуе жолдары ұшағының турбуленттікке ұшырауы салдарынан бір жолаушы қаза тауып, 30-дан астам жолаушы жарақат алды.

«Daily Mail»-тің хабарына қарағанда Сингапур әуе жолдары Лондоннан Сингапурға бет алған «SQ321» рейсінің жергілікті уақытпен 15.45-те Таиландтың бас қаласы Бангкоктағы Суварнабхуми халықаралық әуежайына шұғыл қонғанын хабарлады.

Мәлімдемеде 211 жолаушы мен 18 экипажы бар ұшақтың тропикалық дауыл болған аймақтағы әуе кеңістігінде қатты турбуленттілікке ұшырағаны білдірілді.

Ұшақ турбулентке кірген салдарынан 1 жолаушы қаза тауып, 30-дан астам жолаушының жараланғаны білдірілген мәлімдемеде «Сингапур әуе жолдары марқұмның отбасына көңіл айтады» деді.



Ұқсас жаңалықтар