АҚШ Украинаға қолдауын жалғастырады

АҚШ Қорғаныс министрі Ллойд Остин елінің Украинаға қажетті қолдауды көрсетуді жалғастыратынын мәлімдеді.

2142195
АҚШ Украинаға қолдауын жалғастырады

Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Қорғаныс министрі Ллойд Остин елінің Украинаға қажетті қолдауды көрсетуді жалғастыратынын мәлімдеді.

Ллойд Остин негізінен Еуропадан  мөлшермен 50 елдің  Украина қорғаныс байланысы тобының 22-ші бейнеконференция отырысында сөз сөйлегенін түсіндірді.

Ресейдің Украинадағы әскери операцияларының күшеюіне байланысты «Біз қиын сәтте кездесудеміз» деген Остин «Украинаға қажетті қолдау көрсетуді жалғастырамыз. АҚШ  қолынан келгенін істеуге табанды» деді.

Шұғыл түрде қажет көмектің Украинаға жеткізілгенін білдірген Остин «Біз жіберген қауіпсіздік көмегі бұл күресте нақты өзгеріс жасайды» деп көрсетті.

Украинаның қорғаныс байланысы тобының Ресеймен соғыс басталған 2022 жылдың ақпанынан бері Украинаға 95 миллиард доллардан астам әскери көмек көрсеткенін білдірген Остин Украина қауіпсіздігінің Еуропа мен жаһандық қауіпсіздіктің, сондай-ақ  Америка Құрама Штаттарының қауіпсіздігінің де орталығында орын алғанын алға тартты.  ұсынды.

Украинаға берілген 95 миллиард доллардан астам әскери көмектің 50,6 миллиард долларына жуығын АҚШ өз мойнына алуда.



Ұқсас жаңалықтар