Нетаньяху мен Салливан Иерусалимде бас қосты

Тақырыппен байланысты хабар Израиль мемлекеттік телеарнасы «KAN»-да орын алды.

2141557
Нетаньяху мен Салливан Иерусалимде бас қосты

Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливанмен бас қосты.

Израиль мемлекеттік телеарнасы «KAN»-ға қарағанда Нетаньяхудың Иерусалимнің батысындағы премьер-министрлік кеңсесінде Салливанмен кездескенін хабарлады.

Хабарда кездесудің мазмұны туралы егжей-тегжей берілмеді.

Ақ Үйдің ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Джон Кирби 17 мамыр күні жасаған мәлімдемесінде Салливанның әріптестерімен Газа секторындағы соңғы жағдай мен атысты тоқтату үдерісін талқылайтынын білдірді.

Салливан аймаққа сапары аясында алдымен Сауд Арабиясына барып, «Газа секторындағы соңғы оқиғалар аясында атысты тоқтату және аймаққа гуманитарлық жәрдем жеткізу қажеттігін» талқылап, содан кейін Израильге өтті.



Ұқсас жаңалықтар