Иран Мемлекет басшысы мінген тікұшақ апатқа ұшырады

Иран мемлекеттік телеарнасы Реисиге қоса Сыртқы істер министрінің де қаза тапқанын жариялады.

2141474
Иран Мемлекет басшысы мінген тікұшақ апатқа ұшырады

Иран Мемлекет басшысы Ибрахим Реиси мінген тікұшақ апатқа ұшырап, қайтыс болды.

Иран мемлекеттік телеарнасының хабарына қарағанда Ибрахим Реисиге қоса, тікұшақтағы Сыртқы істер министрі Хусейн Әмір Абдуллахиян, Шығыс Әзербайжан штатының губернаторы Малик Рахмети және Тебриз имамы Айетулла Әли Хашим де қаза тапты.

Түркиядан жіберілген «Akıncı» пилотсыз әуе көлігінің сәтті іздестіруі нәтижесінде сынықтары табылған Төңкеріс Сарбаздары армиясының 2 жоғары әскери лауазымдысы мен тікұшақтағы 3 экипаждың апатта қаза тапқаны атап көрсетілді.

Кеше екі ел шекарасында Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің қатысуымен өткен су бөгетінің ашылу рәсімінен қайтып келе жатқан Ибрахим Реиси мен қасындағы тікұшақтың қолайсыз ауа райына байланысты жерге қатты қонғаны білдірілді.

63 жасар Ибрахим Реиси 2021 жылғы сайлаудың бірінші турында жеткілікті дауысты жинап, Иранның 8-ші мемлекет басшысы болып міндетке келген еді.

Хусейн Әмір Абдуллахиян болса сол жылдан бері Сыртқы істер министрі қызметін атқарып келетін.



Ұқсас жаңалықтар