Ауғанстанда туристерге жасалған шабуылды ДАИШ мойнындады

Бамиян провинциясындағы туристік аймақтарға барған бір топ туристерге қарумен шабуыл жасалды.

2141806
Ауғанстанда туристерге жасалған шабуылды ДАИШ мойнындады

Ауғанстанның Бамиян уәлаятында 3-і испандық турист барлығы 6 адамның өліміне әкелген қарулы шабуылды ДАИШ террор ұйымы өз мойнына алды.

ДАИШ террор ұйымының әлеуметтік медиа аккаунтында жасалған жазбада 17 мамыр күні Бамиян уәлаятында туристерге қарсы жасалған қарулы шабуылдың ұйым тарапынан жасалғаны атап көрсетілді.

Бамиян уәлаятындағы туристік аймақтарға барған бір топ туристерге қарумен шабуыл жасалды.

Шабуылдан 3 испан және 3 Ауғанстан азаматы 6 адам қаза тапты.

Ауғанстан уақытша үкіметі Ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Абдулметин Кани оқиғаға қатысты 7 күдіктінің тергеуге алынғанын хабарлаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар