АҚШ Қытай тауарларына тыйым салды

Америка Құрама Штаттары әкімшілігі Қытайдағы тағы 26 компания өндірген тауарлардың елге кіруіне тыйым салды.

2140808
АҚШ Қытай тауарларына тыйым салды

Америка Құрама Штаттары әкімшілігі ұйғырлар да бар азсандыларды жұмыс істеуге мәжбүрледі деген сылтаумен Қытайдағы тағы 26 компания өндірген тауарлардың елге кіруіне тыйым салды.

АҚШ Ішкі қауіпсіздік министрлігі жасаған мәлімдемеде «Ұйғыр мәжбүрлі еңбекке жол бермеу заңы» (UFLPA) аясында тыйым салынған тізімге тағы 26 тоқыма фирмасының енгізілгені хабарланды.

Мәлімдемеде 17 мамырдан бастап күшіне ие аталмыш компаниялар шығарған тауарлардың АҚШ-қа кіруіне шектеу қойылатыны білдіріліп«Бұл қадамдар АҚШ-тың жеткізу тізбегіндегі мәжбүрлі еңбекті жоюға және Шыңжаң Ұйғыр автономиялық аймағында ұйғырлар мен діни және этникалық азсандылар топтарға қарсы жалғасып жатқан геноцид пен адамзатқа қарсы қылмыстар үшін жауапкершілікті ынталандыру жөніндегі міндеттемесінің бөлігі ретінде басылуда» делінді.



Ұқсас жаңалықтар