Кипрлік понтилер мешітке шабуыл жасады

СКТР Сыртқы істер министрлігі оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады.

2140456
Кипрлік понтилер мешітке шабуыл жасады

Кипр Понти әкімшілігінің Лимассол қаласында мешітке бояумен шабуыл жасалды.

Солтүстік Кипр Түрік Республикасы (СКТР) Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде Лимассол қаласындағы тарихи «Албан» мешітінің қабырғаларына қорлайтын жазулар жазылып, мешіттің зақымдалғаны айтылды.

Мешітке жасалған шабуыл қатаң түрде айыпталған мәлімдемеде «Бұл бағыттағы шабуылдар оңтүстіктегі нәсілшіл сананың түрік және ислам болмысына қарсы төзімсіздіктің айқын көрінісі» делінді.

Мәлімдемеде шабуыл жасағандардың тез арада табылып, жазалануы және мұндай шабуылдардың алдын алу үшін қажетті шаралардың қабылдануы талап етілді.



Ұқсас жаңалықтар