Израиль армиясы Шерияның батысына басып кірді

Израиль жасаған рейд кезінде валюта айырбастау орындарының қожайындарын тергеуге алды.

2140331
Израиль армиясы Шерияның батысына басып кірді

Израиль армиясы басып алған Шерияның батысындағы көптеген қала мен елді мекендерге жасаған шабуылында тағы да қан төкті.

Рейд кезінде снайперлердің ғимараттарға шығып, әр нәрсеге оқ атуы салдарынан 3 палестиналық қаза тауып, 1 адам жараланды.

Израиль әскерлері Шерияның батысндағы әртүрлі қалаларға шабуыл жасап, валюта айырбастау орындарының қожайындарын тергеуге алды.

Екінші жағынан Израиль армиясының Газа секторының оңтүстігіндегі Рафах қаласына қосымша әскер жіберіп, құрлық шабуылын кеңейтеміз деп қорқытқаны жарияланды.

«The Times of Israel» газетінің хабарына қарағанда Израиль армиясының Рафахтың шығысында орналасқан 162-ші дивизияға қосылу үшін түнде арнайы жасақ топтарын жібергені айтылды.

Израиль армиясы 6 мамыр күнгі мәлімдемесінде күштеп қоныс аударылған палестиналықтар паналаған Рафахтың шығысындағы кейбір аудандарды эвакуациялануын талап етіп, 7 мамыр күні таңертең Газа секторының Рафах аймағына құрлықтан шабуыл бастап, Мысырмен шекаралас қақпаның Газа секторы жағын басып алғанын жариялаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар