Ресейдің Харьков аймағындағы шабуылдары артуда

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Украинадағы гуманитарлық жағдайға қатысты оқиғалар талқыланды.

2139731
Ресейдің Харьков аймағындағы шабуылдары артуда

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Ресей шабуылдарының әсіресе Украинаның Харьков аймағында көбейгенін және тараптардың екі елдің инфрақұрылымдарын нысанаға алғанын хабарлады.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Украинадағы гуманитарлық жағдайға қатысты оқиғалар талқыланды.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Гуманитарлық істерді үйлестіру кеңсесі гуманитарлық көмекті қаржыландыру және ресурстарды тасымалдау бөлімінің директоры Лиза Доутен мүше елдерге мағлұмат берді.  Доутен аймақтағы қақтығыстардың тіпті де көбеюі себепті, Харьков облысынан 7 мың адамның қашқанын айтты.

Украинадағы қақтығыстың әсіресе Ресеймен солтүстік-шығыс шекарасында ұлғайғанына назар аударған Доутен Харьков аймағындағы шабуылдар салдарынан өлім және жарарақаттардың болғанын білдірді.

Доутен тек сәуір айында Украинада 700 бейбіт тұрғынның қаза тапқанын мәлімдеді.

Украинаның барлық жерінде азаматтық инфрақұрылымға шабуылдардың күшейгенін түсіндірген  Доутен 22 наурыздан бері Украинаның энергетикалық инфрақұрылымына 5 шабуыл жасалғанын айтты.

Лиза Доутен Украинаның шығысы мен оңтүстігіндегі теміржол инфрақұрылымына жасалған шабуылдарға қатты алаңдағандарын  атап өтті.



Ұқсас жаңалықтар