Нигерияда 5,9 миллион бала аш қалуда

Нигерияның солтүстік-шығысында 5,9 миллион бала ауыр азық-түлік және тамақтанбау дағдарысымен бетпе-бет келіп отыр.

2139672
Нигерияда 5,9 миллион бала аш қалуда

Біріккен Ұлттар Ұйымы Нигерияның астанасы Абуджада «2024 жылғы құрғақ маусымда азық-түлік қауіпсіздігі және тамақтану дағдарысының жоспары» атты бағдарлама ұйымдастырды.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Нигерия гуманитарлық көмек және тұрақты координаторы Мохамед Фолл бағдарламаның ашылуында сөйлеген сөзінде елдің солтүстік-шығысындағы Адамава, Борно және Йобе уәлаяттарының жалғасып жатқан террорлық оқиғалардан теріс әсер еткенін айтты.

Бұл уәлаяттарда 5,9 миллион баланың әлемдегі ең жоғары көрсеткіш болып табылатын ауыр азық-түлік және дұрыс тамақтанбау дағдарысымен бетпе-бет келгеніне назар аударған Фолл «Бұл уәлаяттарда 5 жастан кіші 700 мың баланың да дұрыс тамақтанбағаны хабарланды» деді.

Фолл  елдегі азық-түлік пен тамақтанбау дағдарысының апатқа айналмауы үшін биылғы жобаны жүзеге асыру үшін 2,8 миллион адамға бағытталған 306 миллион долларлық қор қажет екенін атап өтті.



Ұқсас жаңалықтар