Израиль армиясына тиесілі 21 көлікті атқылады

Палестиналық қарулы топтар Израиль армиясымен қақтығысты.

2139683
Израиль армиясына тиесілі 21 көлікті атқылады

Газа секторындағы палестиналық топтардың Израиль армиясына тиесілі 21 көлікті атқылағаны хабарланды.

Палестиналық Хамас қозғалысының әскери қанаты Иззеддин әл-Кассам бригадалары мен Исламдық жиһадтың әскери қанаты Құдс Серия ұйымы осы мәселеге байланысты жазбаша мәлімдеме жасады.

Мәлімдемеге қарағанда палестиналық топтар кеше Газа секторының оңтүстігіндегі Рафах және солтүстігіндегі Сибалия босқындар лагерінің шығысында және Газа қаласының Әз-Зейтун ауданында Израиль армиясымен қатал қақтығысқа шықты.

Қақтығыс кезінде Израиль армиясына тиесілі 21 көлік, оның ішінде 14 танк, 4 бульдозер және 3 адам тасымалдау көлігі нысанаға алынды.



Ұқсас жаңалықтар