Газада қаза тапқан БҰҰ қызметкерінің саны 189-ға жетті
Рапортта Израиль армиясының шабуылына ұшыраған Газа секторында 7 қазаннан бері қаза тапқан БҰҰ қызметкері санының 189-ға жеткені баяндалды.
Израиль 7 айдан астам уақыттан бері шабуылдарын жасап жатқан Газа секторында қаза тапқан Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) қызметкерінің саны 189-ға артты.
БҰҰ-ның Таяу Шығыстағы Палестиналық босқындарға көмек және жұмыс жөніндегі агенттігінің (UNRWA) рапортында Газа секторындағы жағдай туралы ақпарат берілді.
Рапортта Израиль шабуылдарының бейбіт тұрғындардың қаза табуына, жер ауыстыруына және инфрақұрылымның зақымдануына себеп болғанына назар аударылып, Израиль армиясының жердегі шабуылдарының Газа қаласы, оңтүстігінде Рафахтың шығысы және Рафах және Керем Әбу Салим шекара қақпаларының айналасында кеңейгені атап өтілді.
Рапортта Израиль армиясының шабуылына ұшыраған Газа секторында 7 қазаннан бері қаза тапқан БҰҰ қызметкері санының 189-ға жеткені баяндалды.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Гуманитарлық істерді үйлестіру кеңсесінің (OCHA) деректеріне сілтеме жасаған рапортта, мұқтаждықтың артуына қарамастан, гуманитарлық көмек ұйымдарының әсіресе Газаның солтүстігінде бейуаз адамдарға қол жеткізуіне үнемі кедергі болатыны атап өтілді.
Рапортта Израиль билігінің 1-9 мамыр аралығында Газаның солтүстігіне жоспарланған 32 гуманитарлық көмек әрекетінің тек 9-ына жеңілдік жасағаны және Израиль билігінің логистикалық кедергілерге байланысты 5 гуманитарлық көмек әрекетін тікелей қабылдамағаны, 11-інің тосқауылға ұшырағаны және 7-нің тоқтатылғаны білдірілді.