Путин Қорғаныс министрін қызметінен босатты

Ресей президенті Андрей Белоусовты жаңа қорғаныс министрі ретінде ұсынды.

2138899
Путин Қорғаныс министрін қызметінен босатты

Ресей президенті Владимир Путин бұрынғы вице-премьерлердің бірі Андрей Белоусовты Қорғаныс министрі ретінде ұсынды.

Ресей парламентінің жоғарғы палатасы Федерация кеңесінің мәлімдемесіне қарағанда Путин өз өкілеттігі аясында министрлерді тағайындау үшін өзі белгілеген есімдерді парламентке ұсынды.

Сыртқы істер министрлігіне қайтадан Сергей Лавровты ұсынған Путин Қорғаныс министрі ретінде Андрей Белоусовты тағайындауды ұсынды.

Путин қол қойған жарлықпен Ресей Федерациясы Қауіпсіздік кеңесі хатшысы Николай Патрушевті қызметінен босатып, орнына Сергей Шойгуды тағайындады.

Путин тарапынан 2012 жылы Ресей Қорғаныс министрлігіне тағайындалған Шойгу 2015 жылы ДАИШ террор ұйымымен күрес негізінде Ресей армиясының Сирияға кіруіне жағдай жасап, Сириядағы барлық операцияларды басқарды.

Ресей-Украина соғысы басталған 2022 жылдың 24 ақпан күні Ресей Қарулы Күштерін тікелей өзі басқарған Шойгу майдан шебіндегі жағдаймен байланысты Ресей әкімшілігіне қарсы көтерілген және кейін мінген ұшағының құлауымен қаза тапқан жалдамалы жауынгерлер тобы Wagner-дің негізін қалаушы Евгений Пригожин тарапынан қатаң түрде сынға алынған болатын.

Федерация Кеңесі Путин ұсынған министр мен қауіпсіздік бөлімшесінің директор кандидаттарын 14 мамыр күні талқылайды.

Ресей президенті Путин жаңа үкіметтің құрамында сыртқы істер, қорғаныс, әділет, төтенше жағдайлар және ішкі істер министрлерін Федерация Кеңесі және Ресей Парламентінің жоғарғы палатасымен келісе отырып, Ресей парламентінің төменгі палатасы Думаның рұқсатынсыз тікелей тағайындайды.



Ұқсас жаңалықтар