Бельгияда Израильге қарсы бойкот акциясы

Еркін Университеті студенттері Бельгияда Израильге қарсы бойкот акциясы бастады.

2139043
Бельгияда Израильге қарсы бойкот акциясы

Бельгиядағы Брюссель Еркін Университетінің студенттері Израильмен барлық академиялық қарым-қатынасты үзуді талап етіп, наразылық акциясын бастады.

«VUB» деген атпен фламанд тілінде білім беретін Брюссельдің Еркін Университетінің студенттері өз аумағында асхана бар ғимаратқа орналаса бастады.

Шатыр, көрпе, кілем, ұйықтау қаптар мен азық-түліктерімен ғимаратқа орналасқан студенттер талаптары орындалмайынша ғимараттан шықпайтындықтарын жеткізді.

Студенттер университет әкімшілігінен Израильдегі академиялық мекемелермен барлық қарым-қатынасты үзуін сұрады.

Бельгиядағы университет студенттері АҚШ-та басталып, 6 мамыр күні Еуропаға тараған шерулерге қолдау көрсете бастады. Гент, Брюссель, Антверпен, Левен және Льеж университеттерінде наразылық шаралары жалғасуда.

Брюссель Еркін Университетінің француз тілінде білім берілетін кампусында 7 мамыр күні басталған акция нәтижесінде университет басшылығы екі израильдік мекеме де қатысқан жасанды интеллект тақырыпты ғылыми жобадан шығу туралы шешім қабылдағанын хабарлаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар