Шекарада қорғанысты күшейтеді

Польша Қорғаныс министрі Беларусь және Ресей шекараларында ор  мен баспана салатындарын айтты.

2137875
Шекарада қорғанысты күшейтеді

Польша Қорғаныс министрі Владислав Косиняк-Камиш Беларусь және Ресей шекараларында ор  мен баспана салатындарын айтты.

Министр Косиняк-Камиш «ZET» радиосына берген мәлімдемесінде Польша мен Беларусь арасындағы қорғаныс желісін жөндеп, күшейткендерін айтты. «Польша Ресей мен Беларусь шекарасында ор мен баспаналар сала ма?» деген сұраққа Косиняк-Камиш «Иә, барлық жоспар дайындалып жатыр», - деп жауап берді.

Польша заңсыз иммиграцияның алдын алу үшін 2022 жылдың қаңтарында Беларусь шекарасында тосқауыл тұрғыза бастады. Биіктігі 5,5 метр және сым тормен қапталған металл тосқауылдар 407 миллион долларға шығып, 2022 жылдың 30 маусымында аяқталды.

Польша 2022 жылдың аяғында Ресейдің Калининград облысымен шекарасына тікенек сым қоршау сала бастаған еді.



Ұқсас жаңалықтар