Путин Пашинянмен кездесті

Екі басшы аймақтық қауіпсіздікке қатысты мәселелерді талқылады.

2137359
Путин Пашинянмен кездесті

Ресей президенті Владимир Путин мен Армения премьер-министрі Никол Пашинян аймақтық қауіпсіздікке қатысты мәселелерді талқылады.

Кремльден жасалған мәлімдемеге қарағанда Путин мен Пашинян Мәскеуде өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЖЕЭК) саммитінен кейін Кремль сарайында кездесті.

Кездесудің баспасөзге ашық бөлігінде сөз сөйлеген Путин экономикадағы ынтымақтастыққа мән беретіндерін айтып, былай деді: "Арменияның ЖЕЭК елдерімен өзара сауда көлемі 14 есеге өсті. Екіжақты қарым-қатынастар да айтарлықтай табысты дамып келеді. Өзара сауда көлемі 7 миллиард доллардан асты. Мұндай көрсеткіш бұрын-соңды біздің сауда-экономикалық қарым-қатынасымызда болмаған”.

Армения премьер-министрі Пашинян да екіжақты қарым-қатынастар мен аймақтық мәселелердің маңыздылығына назар аударып, "Соңғы рет өткен жылдың желтоқсан айында бас қостық. Әрине талқылауды қажет ететін мәселелер бар" деді.



Ұқсас жаңалықтар