Пәкістанда алты террорист залалсыздандырылды

Операцияларда көп мөлшерде қару-жарақ пен оқ-дәрілердің қолға түскені баса айтылды.

2137364
Пәкістанда алты террорист залалсыздандырылды

Пәкістан армиясы Хайбер-Пахтунхва аймағының солтүстік-батысында жүргізген екі операцияда 6 террористті залалсыздандырды.

Пәкістан армиясының қоғаммен байланыс бөлімінің мәлімдемесіне қарағанда, Хайбер-Пахтунхва уәлаятының Солтүстік Вазиристан және Дера Исмаил Хан аймақтарында қауіпсіздік күштері операция жүргізді. Дера Исмаил Ханда 5, Солтүстік Вазиристанда бір террористтің залалсыздандырылғаны хабарланды.

Операцияларда көп мөлшерде қару-жарақ пен оқ-дәрілердің қолға түскені баса айтылды.

Пәкістанда, әсіресе Хайбер-Пахтунхва мен Белуджистан уәлаяттарында лаңкестік әрекеттер артып отыр.

Исламабад әкімшілігі пәкістандық тәліптерге қарсы күресті жалғастыруда.



Ұқсас жаңалықтар