Мадуро Путинді құттықтады

"Путин Ресей Федерациясын әлемдегі ең дамыған елдердің біріне айналдырды" деді.

2136852
Мадуро  Путинді  құттықтады

Венесуэла президенті Николас Мадуро Ресей президенті Владимир Путинді қызметіне ресми кірісуімен құттықтады.

Мадуро әлеуметтік желідегі парақшасында бөліскен құттықтауында "Венесуэла халқының атынан 5-ші рет Ресей Федерациясының президенті болып сайланған Путинді құттықтаймын. Бірлік пен бейбітшілік жолында табанды түрде алға басып келе жатқан Ресей халқына құрметімді білдіремін" деді.

 Мадуро сонымен бірге баспасөзге жасаған мәлімдемесінде Путинге қатысты мақтау сөздерін қолданып, былай деді: "Ол - әлемдегі ең ұлы көшбасшылардың бірі. Путин Ресей Федерациясын әлемдегі ең дамыған елдердің біріне айналдырды».



Ұқсас жаңалықтар