АҚШ Рафахқа операцияны қолдамайды

Джон Кирби Израильдің Рафахқа бағытталған жаппай құрлық шабуылын қолдамайтындарын мәлімдеді.

2136742
АҚШ Рафахқа операцияны қолдамайды

АҚШ-та  Ақ Үйдің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джон Кирби Израильдің Рафахқа бағытталған жаппай құрлық шабуылын қолдамайтындарын мәлімдеді.
Телеконференция арқылы өткен баспасөз брифингінде Джон Кирби Израильдің Рафахқа жасаған шабуылын және АҚШ-тың ұстанымына тоқталды. Кирби Израиль армиясының кеше Рафахқа жасаған шабуылының «шектелген операция» екенін білдіргенін айтып, Тель-Авив әкімшілігінің «Хамастың Газаға қару-жарақ тасымалдауына кедергі жасау үшін» бұл қадамға барғанын алға тартты.
«Рафахқа қатысты көзқарастарымыз бір, біз осындай көп адам тұратын Рафахқа операциясын қолдамайтынымызды бірнеше рет айттық», - деді Кирби.  
Кирби гуманитарлық көмектің Газа секторына кіре алуы үшін Рафах және Керем Шалом шекара қақпаларының ашық болуы керектігін және бұл мәселелерді үнемі израильдік әріптестеріне жеткізгендерін білдірді.
 



Ұқсас жаңалықтар