Израиль Рафахқа операция бастады

20 палестиналық қаза тапты.

2136251
Израиль Рафахқа операция бастады

Израиль армиясы Газаның Рафах аймағына құрлық операциясын бастап, алғашқы шабуылдарда 20 палестиналық қаза тапты.

Армия  Рафахтың Мысырмен шекаралас қақпасының Газа жағының басып алынғанын жариялады.

Мәлімдемеде Мысырдан шамамен 3,5 км қашықтықтағы қақпаның Палестина жағында толық бақылауға қол жеткізілгені және шабуылда 20 палестиналықтың өлтірілгені айтылды.

Израильдің соғыс кабинеті кеше түнде Хамастың Катар мен Мысыр ұсынған «атысты тоқтату келісімін» мақұлдағанын жариялағанымен, Газа секторынан қоныс аударған палестиналықтарға пана болған Рафахқа шабуылдарын жалғастыруға шешім қабылдады.

Израиль ұшақтары мен артиллериясы түнде Рафах қаласының шығысын ауыр бомбалады. Рафахтың Мысырмен шекаралас аудандарында әскери көлік қозғалысы байқалды.

Израиль армиясы бүгін таңертең аймаққа құрлықтан шабуыл жасады.

Кеше таңертең жасаған мәлімдемесінде армия күшпен қоныс аударылған палестиналықтар паналаған Рафахтың шығысындағы кейбір аудандарды эвакуациялауды сұраған еді. Осыдан кейін көптеген палестиналық Рафахтан қаша бастады.



Ұқсас жаңалықтар