Оқ-дәрі жөнелтуді тоқтатты

Бұл жағдай Тель-Авив әкімшілігінде үлкен алаңдаушылық тудырды.

2135691
Оқ-дәрі жөнелтуді тоқтатты

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) президенті Джо Байден әкімшілігі өткен аптада Израильге АҚШ-та жасалған оқ-дәрілердің жөнелтілуін тоқтатты.

АҚШ-та жарияланған «Axios» хабар сайтының Израильдік екі лауазымды тұлғаға негізделген хабарына қарағанда, АҚШ өткен аптада Израильге жіберілетін оқ-дәрі жөнелтілімін тоқтатты. Хабарда айтылғанға қарағанда, жөнелтілімнің тоқтатылуы Газаға шабуылдар басталған 7 қазаннан бері бірінші рет болды және бұл жағдай Тель-Авив әкімшілігінде үлкен алаңдаушылық тудырды.

Сонымен бірге өткен аптада Израильге барған АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен мен Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху арасында Рафахқа құрлықтан жасалатын ықтимал шабуыл туралы «ауыр әңгіме» болғаны да еске салынды.

АҚШ Конгресіндегі Демократиялық партияның 88 мүшесі Израильдің палестиналық бейбіт тұрғындарға гуманитарлық көмек көрсетуге әдейі тосқауыл қойғаны туралы сенімді уәждер бар екенін айтып, Израильге жасалған көмекті қайта қарауға шақырған болатын.



Ұқсас жаңалықтар