Израиль Рафахты бомбалауда

Әуе шабуылында 26 палестиналық, оның ішінде 8 бала қаза тапты.

2135963
Израиль Рафахты бомбалауда

Израиль армиясы Рафах қаласының шығысындағы эвакуация туралы бұйрық берілген аймақтарға жақын жерде әуе шабуылдарын жасады.

Алғашқы болжам бойынша, әуе шабуылында 26 палестиналық, оның ішінде 8 бала қаза тапты.

Денсаулық сақтау көздерінен алынған мәліметтерге қарағанда Израиль армиясы кеше түннен бері Рафахтың әртүрлі аймақтарындағы әуе шабуылында 11 үйді нысанаға алды.

Басқа жақтан Израиль армиясының Газа секторының оңтүстігінде орналасқан Рафахтың шығысындағы кейбір аудандарды көшіруге шақыруынан кейін таңертең аймақта тұратын палестиналықтар аймақты тастап кете бастады.

Жаңбырлы ауа-райына қарамастан, әйелдер мен балаларды қосқанда жүздеген палестиналық жолға шықты.



Ұқсас жаңалықтар