Базардағы өртте дүкендер күлге айналды

Османлы дәуірінде салынған Кайсери базарының 200 жылдық тарихы бар.

2135783
Базардағы өртте дүкендер күлге айналды

Ирактың Эрбиль қаласындағы тарихи Кайсери базарында шыққан өртте 300 дүкен күлге айналды.

Тарихи базар өртеніп жатқанда, қауіпсіздік күштері төңіректе сақтық шараларын қолданды. Өрт сөндірушілер көптен кейін өртті ауыздықтады.

Өрт тігіншілер орналасқан аумақта тұтанып, 300-ге жуық дүкен күлге айналғаны хабарланды.

Қауіпсіздік күштері дүкен иелерін аумаққа кіргізбей отыр.

Өрттің шығу себебі анықталуда.

Османлы дәуірінде салынған Кайсери базарының 200 жылдық тарихы бар.

Базар Эрбильдің адам жиі баратын орындарының бірі болып табылады, онда мыңдаған жұмыс орны түрлі өнімдерді сатады.


Этикеттер: #өрт , #базар , #Эрбиль , #Ирак

Ұқсас жаңалықтар