Израиль Сирияға тағы да шабуыл жасады

Израильдің Сирияның астанасы Дамаскідегі Меззе әуежайы маңындағы әскери түйінге  әуеден шабуыл жасағаны алға тартылды.

2135017
Израиль Сирияға тағы да шабуыл жасады

Сирия әкімшілігіне жақын әлеуметтік медиа аккаунттары Израиль соғыс ұшақтарының жергілікті уақыт бойынша сағат 22.50 шамасында Меззе әуежайы маңындағы әскери түйінге шабуыл жасағанын алға тартты.

Әзірге Израиль мен Сирия әкімшілігінен шабуылға қатысты ешқандай мәлімдеме жасалмады.

Израиль 2011 жылы азаматтық соғыс басталғаннан бері Сириядағы армиясына тиесілі Иран қолдайтын топтар мен әскери түйіндерге оқтын-оқтын шабуылдар жасап келеді.



Ұқсас жаңалықтар