Нигериядағы  жол апатынан 16 адам қаза тапты

Нигерияда автобус басқарудан шығып, қабырғаға соғылды.

2134306
Нигериядағы  жол апатынан 16 адам қаза тапты

Нигерияда автобус басқарудан шығып, қабырғаға соғылды. Апат салдарынан 16 адам қаза тапты.

Елдің оңтүстік-шығысындағы Энугу уәлаятында болған жол апатынан 16 адам қаза тапты.

Энугу штатының полиция өкілі Дэниел Ндукве Опи-Нсукка тас жолында жылдамдықты асырған автобустың басқарудан шығып, ғимараттың бақша қабырғасына соғылғанын айтты.

Ндукве апатта 16 адамның қаза болғанын және көптеген адамның жараланғанын мәлімдеді.

Емделіп жатқандардың кейбірінің жағдайының ауыр екенін айтқан Ндукве қайтыс болғандар санының артатынына алаңдаушылық барын айтты.



Ұқсас жаңалықтар