Израиль Лаззаринидің Газа секторына кіруіне виза бермеді

Израильдің ресми телеарнасы «KAN» виза бермеу шешімінің ішкі істер министрі тарапынан қабылданғанын жариялады.

2134149
Израиль Лаззаринидің Газа секторына кіруіне виза бермеді

Израиль әкімшілігі БҰҰ-ның Таяу Шығыстағы Палестиналық босқындарға көмек және жұмыс жөніндегі агенттігі (UNRWA) бас комиссары Филипп Лаззаринидің визалық өтінішін қабылдамады.

Израильдің ресми телеарнасы «KAN»-ның хабарына қарағанда Ішкі істер министрі Моше Арбельдің Израильге кіру үшін виза беру өтінішін қабылдамау туралы шешім қабылдағаны білдірілді.

Лазарини 18 наурыз күні Мысыр арқылы шабуылға ұшыраған Газа секторының оңтүстігіндегі Рафах қаласына баруды жоспарлағанын, бірақ Израильдің аймаққа кіруіне рұқсат бермегенін мәлімдеген болатын.



Ұқсас жаңалықтар