Апатта Бас штаб төрағасы қаза тапты
Апатта Бас штаб бастығы Оголла мен 10 әскери қызметкер қаза тауып, 2 сарбаз жараланды.
Кенияда тікұшақ апатында Бас штаб төрағасы Фрэнсис Оголла мен 10 әскери қызметкердің қаза тапқаны хабарланды.
Президенттік мәлімдемеге қарағанда, апатта Бас штаб бастығы Оголла мен 10 әскери қызметкер қаза тауып, 2 сарбаз жараланды.
Президент Уильям Руто баспасөз мәслихатында тікұшақтың әуеге көтерілгеннен кейін көп ұзамай апатқа ұшырағанын айтты.
Апаттың кеше жергілікті уақытпен сағат 14.20-да орын алғанын білдірген Руто әуе күштерінің апат себебін анықтау үшін оқиға орнына әуе тергеу тобын жібергенін атап көрсетті.
Президент Руто апатқа байланысты елде 3 күндік ұлттық аза тұту жарияланғанын хабарлады.
Ұқсас жаңалықтар
Си Цзиньпин Ресей президенті Путинмен кездесті
Си Цзиньпин ел астанасы Бейжіңде Ресей президенті Владимир Путинмен кездесті.
Кипрлік понтилер мешітке шабуыл жасады
СКТР Сыртқы істер министрлігі оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады.