Израиль Халеб әуежайына шабуыл жасады

Израильдің Сириядағы Халеб әуежайына әуеден шабуыл жасағаны және 36 сириялық сарбаздың қаза тапқаны хабарланды.

2121770
Израиль Халеб әуежайына шабуыл жасады

Израильдің Сирияның солтүстік-батысындағы Халеб уәлаятындағы  әуежай мен қорғаныс зауыттарына әуеден шабуыл жасағаны білдірілді.

Сирия үкіметіне жақын әлеуметтік медиа аккаунттары Израиль соғыс ұшақтарының Сефире ауданындағы халықаралық әуежай мен қорғаныс зауыттарын нысанаға алғанын баяндады. Сирия армиясының әуе қорғаныс жүйелерінің жаудың зымырандарына тойтарыс бергені айтылды.

Әзірге тараптардан шабуылға қатысты ресми мәлімдеме жасалмаса да, Сирияның «Human Rights Watch» ұйымы кемінде 36 сириялық сарбаздың қаза тауып, көптеген адамның жараланғанын хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар