Украина Ресейдің лаңкестік шабуылды алдын ала білгенін пайымдады
Буданов Ресейдің Мәскеудегі «Crocus City Hall» концерт залындағы шабуылды 15 ақпаннан бері білгенін мәлімдеді.
Украинаның әскери барлау бөлімінің басшысы Кирилл Буданов Ресейдің Мәскеудегі «Crocus City Hall» концерт залындағы шабуылды 15 ақпаннан бері білгенін мәлімдеді.
Будановтың айтуынша, Ресей ұлттық барлау ұйымы оқиғаның барлық жай-жапсарын және шабуыл жасаушылардың қайдан келетінін, Ресей Федерациясына қай екі елден кіретінін алдын ала білген.
Буданов «Ресей кем дегенде 2024 жылдың 15 ақпанынан бастап шабуылға дайындықтан хабардар. Анығын айтатын болсақ, бұл ақпарат ұйымның Сирия барлауынан өтіп, Мәскеуге жеткен» деді.
22 наурызда бір топ террорист Мәскеудегі «Crocus City Hall» концерт залында көрермендерге оқ жаудырып, ғимаратты өртеп жіберген. Шабуыл салдарынан кем дегенде 143 адам қаза тапты. Сонымен қатар 180 адам жарақат алды, 95 адам із-түзсіз жоғалып кетті.
Шабуылдың жауапкершілігін ДАИШ-Хорасан лаңкестік мойнына алды. Көп ұзамай АҚШ шабуылды осы ұйым жасағанын растады. Алайда Кремль бұл шабуылдың артында Украина болуы мүмкін деп есептейді.
Ұқсас жаңалықтар
Газа секторында қаза тапқандар саны 34 мың 454-ке жетті
Израильдің Газа секторындағы шабуылдарда соңғы 24 сағатта 66 палестиналық қаза тапты.
С.Корея басшысы халық армиясының 92-ші жылдығында үн қатты
Ким Чен Ын жауынгерлік қабілетін арттыру үшін офицерлерді көбірек оқыту керектігін білдірді.