Папа: "Түркия Украина үшін делдал бола алады"

Рим Папасы Швейцария телерадио корпорациясына сұхбат берді.

2113278
Папа: "Түркия Украина үшін делдал бола алады"

Католиктердің рухани жетекшісі және Ватикан Мемлекет басшысы Рим Папасы Франциск Украинаның келіссөз жүргізуге батылдық таныту керектігін және Түркияның да бұл мәселеде делдалдыққ ұсынғанын айтты.

Рим Папасы Швейцария телерадио корпорациясындағы (RSI) арнайы сұхбатында өзекті мәселелерге тоқталды.

Украинаның соғыс кезінде «ақ ту көтеру керек пе?» деген пікірталастар бар екенін еске салған журналисттерге қайтарған жауабында Рим Папасы «Жағдайды көріп, халқын ойлап, ақ туды көтеріп, келіссөзге батылдық танытқандар мықтырақ деп есептеймін. Бүгінде халықаралық державалардың көмегімен келіссөздер жүргізуге болады. Келіссөз – батыл бір сөз. Сіз жеңіліске ұшырағанда, істің дұрыс емес екенін көргенде, келіссөздер жүргізуге батылдық қажет. Сіз тартыншақтайсыз, бірақ бұл соғыс қанша өліммен аяқталады?» деді.

Рим Папасы Франциск дер кезінде келіссөздер жүргізуге шақырып «Делдалдық жасайтын ел іздеу керек. Мәселен, бүгін Украинадағы соғысқа араша болғысы келетін елдер көп. Түркия процесті бастау туралы делдалдық ұсынысын жасады. Жағдай нашарламас бұрын келіссөздерден тартынбаңыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар