Италия Қорғаныс министрі ауруханаға жатқызылды
Қорғаныс министрі Гидо Кросеттоның жүрек ауруына байланысты ауруханаға жатқызылғаны білдірілді.
Итальяндық баспасөзде жарияланған хабарда 61 жасар Кросеттоның түнде бас қала Римдегі Сан-Карло ди Нанси ауруханасының дәрігерлік жедел жәрдем беру орнына кеудедегі қатты ауырсыну шағымымен жүгінгені атап көрсетілді.
Перикардитке (жүрек қабығының қабынуы) күдігімен бақылауға алынған Кросеттоға ангиография жасалғаны хабарланды.
2022 жылы 25 қыркүйек күні өткен сайлауда бірінші партия болып шыққан оңшыл «Бауырлас Италия» партиясының (FdI) негізін қалаушылардың бірі Гидо Кросетто сол жылдың қазан айында Италия премьер-министрі Джорджия Мелони басшылығында құрылған оңшыл коалициялық үкіметтің қорғаныс министрі қызметін атқарып келеді.
Ұқсас жаңалықтар
БҰҰ: «Рафахтағы лагерьде кемінде 200 адам қаза тапты»
БҰҰ лауазымдысы Джульетт Тоума Нью-Йоркте баспасөзге мәлімдеме жасады.
Путин Украинаға әскер жіберген батысқа ескерту жасады
Владимир Путин Ташкент сапары барысында ресейлік БАҚ-тың сұрақтарына жауап қайтарды.