НАТО мүше елдерге Түркияны үлгі ретінде көрсетті

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг НАТО-ға мүше елдерге Түркияның Украина ұстанымын үлгі ретінде көрсетті.

2099370
НАТО мүше елдерге Түркияны үлгі ретінде көрсетті

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг одақтастардың Украинаға тікелей қару-жарақ пен оқ-дәрі арқылы және өз өндіріс қуатын дамыту үшін қолдау көрсететінін айтып, Түркияның бұл бағыттағы үлгі боларлық рөліне тоқталды.

Йенс Столтенберг Бельгияның бас қаласы Брюссельде НАТО штаб-пәтерінде Ұлттық қауіпсіздік кеңесшілері форматындағы Солтүстік Атлантикалық кеңес отырысына төрағалық етті.

Түркия атынан Президенттің бас кеңесшісі, елші Акиф Чағатай Кылыч өкілдік жасаған жиналыстың артынан Столтенберг баспасөзге мәлімдеме жасады.

Одақтастардың 2 жылдан бері Ресеймен соғысып келе жатқан Украинаға қолдауларын қайталағанын білдірген Столтенберг бір сұраққа Түркияның Украина армиясын жаңғыртудағы рөлін жоғары бағалады.

Столтенберг «Пилотсыз әуе көліктерінің осы соғыс бойынша маңызды рөл атқарғанын есте сақтау керек деп ойлаймын. НАТО одақтастары да соғыс бойына қолдау көрсетті. Түркия «Bayraktar TB2» қарулы пилотсыз әуе көліктерін шиеленістің толық ауқымды түрде асқынуының алдында қамтамасыз етіп келеді. Қазір олар Украинада қарулы пилотсыз әуе көлігі шығаратын жаңа зауыт салып жатыр. НАТО одақтастарының әрі Украинаны, әрі қару-жарақ пен оқ-дәрілерді тікелей жеткізу, өзінің қару-жарағын өндіру әлеуетін арттыру, инвестиция салу арқылы қолдау тұрғысынан Түркияны үлгі алу керек» деді.



Ұқсас жаңалықтар