Кирби: "Түркияның «F-35» бағдарламасына қайта қосылуы мүмкін"

Джон Кирби  күнделікті баспасөз брифингінде «F-35» тақырыбына тоқталды.

2096068
Кирби: "Түркияның «F-35» бағдарламасына қайта қосылуы мүмкін"

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) әкімшілігі Түркияның (Ресейден сатып алған) «S-400» зымырандық қорғаныс жүйесіне қатысты алаңдаушылықты жойған жағдайда, «F-35» әскери ұшақ бағдарламасына қайта қосылуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Ақ Үйдің Ұлттық Қауіпсіздік кеңесінің стратегиялық коммуникациялар үйлестірушісі Джон Кирби  күнделікті баспасөз брифингінде «F-35» тақырыбында қойылған бір сұраққа жауап қайтарды.

«Түркияға F-16 сатылымының артынан бұл елдің «F-35» бағдарламасына қайта оралып орала алмайтыны» жөнінде қойылған бір сұраққа қайтарған жауабында Кирби «Бұл тақырып бойынша келіссөздеріміз жалғасуда, егер Түркия осы мәселеге қатысты алаңдаушылықтарымызды жоятын болса, «F-35» бағдарламасына қайта қосылуы мүмкін» деді.

Аптаның соңында Түркияда байланыстарын жалғастырған АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Виктория Нуланд Ресейден сатып алынған «S-400» зымырандық қорғаныс жүйесіне қатысты жағдай шешілсе, Түркияны «F-35» бағдарламасына қуана отырып қайта қабылданатынын білдірген болатын.



Ұқсас жаңалықтар