АҚШ Түркияға F16 сатылымы туралы мәлімдеме жасады

Джон Кирби күнделікті баспасөз жиналысында Түркияға F-16 сатылымына тоқталды.

2090227
АҚШ Түркияға F16 сатылымы туралы мәлімдеме жасады

Ақ Үй Ұлттық Қауіпсіздік кеңесінің стратегиялық коммуникация үйлестірушісі Джон Кирби Түркияға F-16 әскери ұшақтарын сату туралы қолдаудың жалғасып жатқанын мәлімдеді.

Джон Кирби күнделікті баспасөз жиналысында Түркияға F-16 сатылымына тоқталды.

Джо Байден әкімшілігі міндетке келген күннен бері бұл тақырыпта ұстанымын өзгертпегенін атап көрсеткен Кирби «Қосымша F-16 сатылымы және Түркияның F-16 флотын жаңартуға қолдауды жалғастырамыз» деді.

Кирби F-16 әскери ұшақ сатылымына қатысты Конгреске қашан ресми хабарлама жасалатыны тақырыбында да нақты бір уақыт айта алмайтынын түсіндірді.

Түркия 2021 жылдың қазан айында 40 дана «блок-70 F-16» әскери ұшағы мен 79 модернизация жиынтығын сатып алу үшін АҚШ-қа ниет хатын жіберген болатын.

АҚШ әкімшілігі осы уақытқа дейінгі мәлімдемелерінде Түркияға F-16 әскери ұшағы сатылымына қолдау бергенін тілге тиек етсе де, сұраныстың бекітілу үшін Конгреске қашан жіберілетіні туралы нақты жауап қайтарудан бас тартуда.



Ұқсас жаңалықтар