Израиль шабуылдары 4 сағатқа тоқтатылады

Ақ Үйдің Ұлттық Қауіпсіздік кеңесі Стратегиялық коммуникация үйлестірушісі Джон Кирби мәлімдеме жасады.

2062870
Израиль шабуылдары 4 сағатқа тоқтатылады

АҚШ әкімшілігі Израиль қоршауындағы Газа секторының солтүстігіндегі бейбіт тұрғындардың шығуына рұқсат беру үшін шабуылдарды күніне 4 сағатқа тоқтатуға келіскенін хабарлады.

Ақ Үйдің Ұлттық Қауіпсіздік кеңесі стратегиялық Коммуникация үйлестірушісі Джон Кирби журналистерге Израильдің Газаның солтүстігіндегі бейбіт тұрғындардың аймақты тастап кетуіне мүмкіндік беретін әрбір 4 сағаттық үзілістің Израиль тарапынан 3 сағат бұрын хабарланатынын білдірді.

Үзілістердің гуманитарлық көмекке мұқтаж аймақтарға жәрдемдерді жеткізуге және палестиналықтардың «аймақтан зиянсыз шығуына» мүмкіндік беретінін алға тартқан Кирби «Бұл үзілістер әсіресе бейбіт тұрғындардың қауіпсіз аймақтарға өтуіне көмектесу тұрғысынан дұрыс басылған бір қадам» деді.

Израиль әкімшілігі болса АҚШ-тың «қақтығысқа гуманитарлық үзіліс» беру туралы мәлімдемесінен кейін бұл бейбіт тұрғындарға (мәжбүрлеп қоныс аударылған) Газа секторының солтүстігінен кету үшін ашқан дәліздің жұмысын ғана қамтамасыз ететінін мәлімдеді. Шабуылдардың жалғасатынын білдірді.

Израиль премьер-министрлігінің баспасөз қызметінен жасалған мәлімдемеде Газада қақтығыстардың жалғасып жатқанына назар аударылып, «Кепілге алынғандар босатылмайынша атысты тоқтату болмайды» делінді.

Екінші жағынан АҚШ Сыртқы істер министрлігі баспасөз хатшысының орынбасары Ведант Пател « Газаның солтүстігіндегі қақтығыс аймақтарынан адамдардың шығуына мүмкіндік беретін екі гуманитарлық дәліз құрылады. Соңғы бірнеше күнде мыңдаған адамға қауіпсіз аймақтарға баруға мүмкіндік берілді» деді.

Баспасөз хатшысының орынбасары Пател Газа секторында ашылатын екінші жолдың мыңдаған адамның «оңтүстіктегі қауіпсіз аймақтарға» көшуіне жағдай жасайтынын алға тартты.



Ұқсас жаңалықтар