АҚШ-та рейстер тоқтады

АҚШ Федералдық авиация басқармасы солтүстік-шығыс штаттар мен Атланта, Денвер және Флорида әуежайларында ұшу бағыттары қайта анықталатынын ескертті.

2017285
АҚШ-та рейстер тоқтады

АҚШ-та жаңбыр салдарынан 730-дан астам рейс тоқтатылды.

"ABC News" арнасының хабарлауына қарағанда АҚШ Федералдық авиация басқармасы солтүстік-шығыс штаттар мен Атланта, Денвер және Флорида әуежайларында ұшу бағыттары қайта анықталатынын ескертті.

Әуе компаниялары ауа райының қолайсыздығына байланысты 730-дан астам рейсті тоқтатты.

Джон Кеннеди мен Нью-Йорк қаласындағы Ньюарк Либерти Халықаралық әуежайы және ЛаГуардия әуежайы рейстердің тоқтатылуынан ең көп зардап шеккен әуежайлар болды, ал Джон Кеннеди әуежайындағы кешігулер 3 сағаттан асты.

Рейстің тоқтатылуы кеше түстен кейін және кешке Жаңа Англиядан Нью-Йорктің жоғарғы штатына және Нью-Йорк қаласына, Филадельфия мен Вашингтонға дейін найзағай туралы ескертуден кейін белгіленді.



Ұқсас жаңалықтар